Замандас подкаст
Маусым айының басында біз Әділет Сапарғалидың видеосына тап болдық. Моңғолияның сайын даласында тұрып, мінсіз ағылшын тілінде қазақтың ұлттық ойыны ләңгіні таныстырған ол аз уақыттың ішінде әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрерменнің ықыласына бөленді. Бір қызығы, Әділет Солтүстік Қазақстан облысындағы шағын ауылда өскен. Ағылшын тілін ешқандай курссыз, өз бетінше меңгерген. Оған компьютердегі Age of Conquest IV стратегиясы мен ойын қауымдастығындағы қарым-қатынас көп көмектескен. Тілді үйренген соң оның алдында жаңа мүмкіндіктер ашылды: Work and Travel бағдарламасымен АҚШ-қа барып қайтты, Түркиядағы университетке грантпен оқуға түсті, кейін әлемді аралай бастады. Досы Рамазан Қасымовпен бірге Әділет бүгінде 20-дан астам елді аралап үлгерген. Ендігі мақсаты — Орталық Азиядағы туризмді дамыту. Әділеттің айтары да, бастан өткерген оқиғалары да көп. Сондықтан бұл подкаст өте шынайы, әсерлі әрі қызықты шықты. Егер саяхаттауды армандасаңыз, Қазақстанды жаңа қырынан танығыңыз келсе немесе дәл қазір өзіңізге шабыт іздеп жүрсеңіз, бұл шығарылым сізге арналған.
162 episoder
Kommentarer
0Vær den første til at kommentere
Tilmeld dig nu og bliv en del af Замандас подкаст-fællesskabet!