de.media

Ironman болу жолы, 40° аяздағы тәртіп және табыс философиясы / СҰХБАТ

32 min · 8. joulu 2025
jakson Ironman болу жолы, 40° аяздағы тәртіп және табыс философиясы / СҰХБАТ kansikuva

Kuvaus

Бұл шығарылымның қонағы -  Берік Молдабаев, кәсіпкер, спорт насихатшысы, әлеуметтік жобалардың авторы. Берік мырза Ironman жарақатсыз болмайтын, аса шыдамдылықты талап ететін қымбат спорт екенін ашық айтады. 40 градус аязда суға түсу, ұйқы мен тамақ тәртібі, мақсатқа жету үшін той мен жиыннан бас тарту - оның күнделікті дағдысы. Италиядағы халықаралық жарыста 3500 адамның алдында көк туды желбіреткен сәті, құрылыс компаниясына жұмысқа тұрып Ironman-ге қатысуы, ерте тұрудың әдістері — осының бәрін толық баяндайды.

Kommentit

0

Ole ensimmäinen kommentoija

Rekisteröidy nyt ja liity de.media-yhteisöön!

Aloita nyt

1 kuukausi hintaan 1 €

Sitten 7,99 € / kuukausi · Peru milloin tahansa.

  • Podimon podcastit
  • 20 kuunteluaikaa / kuukausi
  • Lataa offline-käyttöön

Kaikki jaksot

35 jaksot

jakson Ауғандықтар намысшыл, төзімді халық kansikuva

Ауғандықтар намысшыл, төзімді халық

Бұл сұхбатта қазақстандық дәрігерлер Ауғанстандағы ең ауыр, жан түршіктірер көріністерді алғаш рет бүкпесіз айтты.   Дәрігерлердің айтуынша, ауған халқы ерекше сабырлы, қайсар, намысшыл. Тіпті кішкентай балалардың өзі ауырса да жыламайды, сыр білдірмейді.   Әйелдердің жағдайы өте ауыр. Көпшілігі ауруханаға бара алмай, үйде босануға мәжбүр. Соның салдарынан ана мен бала өлім-жітімі өте жоғары. Кейбір отбасыларда бес баланың төртеуі шетінеп кетеді. «Неше балаң бар?» деп сұрағанда, «біреу» деп айтады, ал кейін «төртеуі қайтыс болды» деп қосады. Балалардың көбі тамақсыз қалған, инфекция жұқтырған немесе жарақат алған. Босқындар лагеріндегі көріністер тіпті ауыр: бір ғана кішкентай шатырда 20–30 адам тұрады, көбісі – балалар. Жылу жоқ, дәрі жоқ, таза су жоқ. Ауғанстанда медицина өте әлсіз. Аппараттар жетіспейді, кей жерде мүлде жоқ. Соның кесірінен көптеген адамдар аяқ-қолын сақтап қалу мүмкіндігінен айрылып, ампутацияға тап болады. Инфекциялық аурулар көп, медицина мамандары жетіспейді, оның ішінде әйел дәрігерлер тіпті аз. Соған қарамастан, ауған халқы дәрігерлерге ерекше құрметпен қарайды. Қазақстаннан барған мамандарға олар ризашылықпен қарап, «көмек көрсеткен елді ешқашан ұмытпайтынын» жеткізген.

8. joulu 202557 min
jakson Ironman болу жолы, 40° аяздағы тәртіп және табыс философиясы / СҰХБАТ kansikuva

Ironman болу жолы, 40° аяздағы тәртіп және табыс философиясы / СҰХБАТ

Бұл шығарылымның қонағы -  Берік Молдабаев, кәсіпкер, спорт насихатшысы, әлеуметтік жобалардың авторы. Берік мырза Ironman жарақатсыз болмайтын, аса шыдамдылықты талап ететін қымбат спорт екенін ашық айтады. 40 градус аязда суға түсу, ұйқы мен тамақ тәртібі, мақсатқа жету үшін той мен жиыннан бас тарту - оның күнделікті дағдысы. Италиядағы халықаралық жарыста 3500 адамның алдында көк туды желбіреткен сәті, құрылыс компаниясына жұмысқа тұрып Ironman-ге қатысуы, ерте тұрудың әдістері — осының бәрін толық баяндайды.

8. joulu 202532 min
jakson Трамптың жұбайы талғампаз / дипломатияның қыр-сыры / cұхбат kansikuva

Трамптың жұбайы талғампаз / дипломатияның қыр-сыры / cұхбат

de. YouTube арнасының кезекті қонағы – Эльнара Байназарова, БҰҰ-ның Қазақстандағы кеңсесінің баспасөз қызметінің басшысы. Биыл Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 80 жыл, ал Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастыққа 30 жылдан астам уақыт өтті. Осы мерейтойлар аясында бағдарламада Қазақстан мен БҰҰ-ның бірлесіп жүзеге асырып жатқан ең өзекті мәселелері, сондай-ақ дипломатиядағы маңызды келіссөздер, әлем саясаткерлерінің имиджі, халықаралық коммуникацияның қыр-сыры кеңінен талқыланады.

8. joulu 202526 min