Замандас подкаст
166-шығарылымның қонағы — стендап-комик Аңсаған Садирханов. Аңсаған — танымал блогер, қазақша стендаптың жаңа жұлдызы, сценарист және іс-шаралар жүргізуші. Аңсағанның мансап жолының өзі қызыққа толы — ол Өзбекстанда дүниеге келіп, қандастарға арналған бағдарлама бойынша Қазақстанға көшіп келген. Шығармашылық мамандық грантын екі рет ала алмай қалды, мектеп жасынан бастап құрылыста жұмыс істеуге мәжбүр болды, сонымен қатар жастайынан тойларда асаба болып та табыс тапқан. Үшінші рет жолы болып, оқуға түседі. Сол кезден бастап КВН ойнайды. Аңсаған оқуын аяқтамай тастап кетеді, мұны туыстарынан жасырып айтпайды, сөйтіп толықтай шығармашылық пен шоу-бизнес саласына кетеді. Аңсағанның әзіл айту, адамдарды күлдіру таланты қазақ стендапы әлеміне келуіне себеп болды. Ол шынайы болмысының, харизмасы мен әр қазақ түсіне алатын әзіл-оспағының арқасында тез танылды. Аңсаған Садирханов турашылдығымен, өмірге деген сүйіспеншілігімен бізді тәнті етті. Көңіліңізді көтеріп, оптимизмге бой алдырам десеңіз біздің Зamandas-тың жаңа шығарылымын тамашалауға асығыңыз.
167 Episoder
Kommentarer
0Vær den første til å kommentere
Registrer deg nå og bli medlem av Замандас подкаст sitt community!